2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық, коммуникативті және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға, TED стилінде шешендік өнерді дамытуға бағытталған «TEDx TANIM» үйірмесі өткізіліп келеді.
Оқу жылында 9-11 сынып оқушылары миллиондаған көрермендерді баурап алған спикерлердің тәжірибесімен танысып, олар қолданған әдіс-тәсілдерді зерттеді.
Мамыр айының 13-і күні жиналғандар алдында есеп беру шарасында оқушылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салып, лайықты деп тапқан озық ойларымен бөлісті. 9 «А» сынып оқушылары: Бабич Алина, Цибуля Ангела, Розина Анфиса, 9 «Б» сынып оқушылары: Сегизбаев Темірлан, Досумбеков Ильяс, Утеулиев Владислав, Зимарина Ксения, Сергеева Полина – «Жасанды интеллект» тақырыбы бойынша өзекті сұрақтар қойды және өз деңгейлеріндегі мәселелерді шешуге үлес қоса алатын жолдар ұсынды.
Шара соңында оқушылар бірнеше номинациялар бойынша құрмет грамоталарымен марапатталды.