Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Мальчик

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепалды
5-6 жастағы балалар үшін
1-11 сыныптар
Оқыту аптасына 5 күн
Қосымша сабақтар
18 үйірме, секция және клуб
Оқудың толық циклі
Лицей – «Тұран» білім беру корпорациясының құрамдас бөлігі. «Тұран» лицейі» мектебінің түлектері үшін «Тұран» университетіне түсуге жеңілдіктер қарастырылған.
Техникалық жабдықтандыру
Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен, соның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған
Психологиялық қолдау
Әр сыныпқа қолайлы психологиялық ахуал туғызу үшін жұмыс істейтін психолог-мұғалімдер бекітілген.

Қазіргі таңда «Тұран» лицейі» мектебінде 75 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 54 пән мұғалімі, 4 психолог, 10 тәрбиеші, 6 қосымша білім беру мұғалімі бар.

Мұғалімдердің 97,3 пайызы жоғары кәсіптік, 2,7 пайызы орта педагогикалық білімі бар. Мұғалімдердің 79,6 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие.

+0
Құрметпен, Филиппов Ю.В., 2025 жылғы түлек Филиппова Анастасияның әкесі
3.09.2025

Мен «Тұран» лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Әрбір оқушыға кәсіби, қамқор әрі жеке көзқарастың арқасында қызым тек қана жаттығуларды дұрыс орындауды үйреніп қана қойған жоқ, сонымен бірге жалпы спортқа деген сүйіспеншілігін арттырды.

Мұғалімдер әрдайым балаларды қолдап, ынталандырып отырады, күрделі элементтерді қарапайым тілде түсіндіреді және сабақта достық пен жағымды атмосфера қалыптастырады. Әсіресе қызымның спорттық жарыстар мен жаңа жетістіктері жайлы қуана әңгімелеп отырғанын көру – ерекше қуаныш. Бұның бәрі ұстаздардың сезімтал жетекшілігінің арқасында мүмкін болып отыр.

Балалардың денсаулығына қамқорлық көрсеткендеріңіз үшін, командалық рух пен жауапкершілікті дамытқандарыңыз үшін, шыдамдылықтарыңыз бен шабыт сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Дене шынықтыру сабағында алған білімдері мен дағдылары өмірде де, болашақ оқуында да қызымның игілігіне жарайтынына сенімдімін. Сіздерге кәсіби табыс пен ризашылықпен еске алатын шәкірттер тілеймін!

3 «Б» сыныбының ата-аналар комитеті
15.08.2025

3 «Б» сыныбы ата-аналары атынан біздің сынып жетекшіміз Кононенко Александра Владимировнаның ерекше еңбегін атап өткім келеді. Александра Владимировна тек оқу үдерісін ұйымдастырып қана қоймай, балаларымызға шын мәнінде ұстаз болып, олардың қабілеттерін ашуға және қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Сынып жетекшіміздің ұйымдастырушылық қабілеті мен креативті көзқарасы мектеп өмірін жарқын әрі мазмұнды етеді. Біз Александра Владимировнаны әрдайым қол ұшын созуға дайын мейірімділігі мен жанашырлығы үшін жоғары бағалаймыз. Балаларымызға жасаған өлшеусіз еңбегіңіз бен қамқорлығыңызға алғыс айтамыз!

Имангалиева Назигум Закиржановна, 4 «А» сынып оқушысы Имангали Темирланның анасы
22.08.2025

Барша ұстаздарға балаларымызға білім беріп, қамқорлық танытқандары үшін алғысымды білдіремін. Әсіресе, біздің сынып жетекшіміз Айгүл Жолдыбаевнаға балаларға деген мұқияттығы мен қамқорлығы үшін, оқуда әрдайым көмектесіп, олардың амандығы мен жайлылығына мән бергені үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Кумисбекова Алтынай Амантаевна, 3 «А» сынып оқушысы Жігерхан Адинаның анасы
18.08.2025

Алла Валерьевна біздің қызымыз Адинаға шахматты үйретуде үлкен рөл атқарды. Біз нөлден бастадық, Алла Валерьевна тамаша педагог болып шықты, материал жеке тәсілмен және ең алдымен қызымызға үйренуге бағытталған түрде берілді, бұл өз нәтижесін берді — қызымыз тез үйреніп, шахматты мен сияқты қатты ұната бастады. Мен жұмысыңызға өте ризамын және шахмат ойнауды үйренгісі келетіндерге сенімді түрде ұсынамын. Жазғы демалыстан кейін сабақтардың қайта басталуын күтемін.

Малик Фарида, 3 «Б» сынып оқушысы Чупин Камалдың анасы
12.08.2025

Мектебімізді өте жақсы көреміз!
Біздің сынып жетекшіміз Александра Владимировнаға баламызға күрделі бағдарламада көмектесіп, қолдау көрсеткені және сыныпта оқуға деген жағымды көңіл-күйді қалыптастырғаны үшін айрықша алғыс айтамыз.
Баламыз мектепке қуана барып, ұстаздарға құрметпен қарайды.
«Тұран» өзіне сенетін және жетістікке ұмтылатындар үшін!

Махаббат пен ризашылықпен, Цой Евгений Геннадьевич және Ертаева Бибигуль Муратовна, Цой Арсеннің ата-анасы, 4 «Б» сынып түлегі
27.05.2025

Мектеп әкімшілігі мен барлық мұғалімдер құрамын үлкен алғыспен атап өткім келеді! Біз маңызды кезеңнен өттік – бастауыш сыныпты аяқтап, 4-сынып түлегі атандық.

Қамқорлығы, назары, шыдамдылығы және біздің балаларымыз үшін күн сайын жасаған жақсы атмосферасы үшін біздің сынып жетекшіміз БараеваЛариса Владимировнаға ерекше алғыс айтамыз. Оның арқасында мектеп екінші үйге айналды, ал білім алу қызықты болды.

Егер сіз бірінші сынып оқушысына мектеп іздеп жүрсеңіз, осы мектепті, әсіресе біздің мұғалімді шын жүректен ұсынамын. Мұқият көзқарас, сапалы білім  бойынша жеке тексерілген:

Сұрақтарға жауаптар

Басқа білім беру ұйымынан «Тұран Лицейі» мектебіне ауысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

Білім алушыны басқа білім беру ұйымынан ауыстыру кезінде ата-аналар (заңды өкілдер) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

— директордың атына жазылған өтініш.

— Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі.

— ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәліктерінің көшірмелері.

— Барлық оқу сыныптары бойынша үлгеру табельдері және тоқсанның ағымдағы бағалары туралы анықтама (оқу тоқсаны аяқталмаған жағдайда).

— 9-сыныпты бітіргені туралы аттестат + бағалары бар құжаттың қосымша қағазы (түпнұсқа) – 10 және 11-сыныптарға түсушілер үшін.

— Оқу орнынан шығу картасы.

 

Шетелдік азаматтар үшін:

— тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты.

 

Аталған құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ беру қажет.

Мектепте жұмыс кестесі қандай?

0-6 сынып оқушылары 8.00-17.00, 7-11 сынып оқушылары 15.20-ға дейін мектепте болады.

Спорт секциялары мен би студиясы сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мектепте оқуға түсу үшін сұхбаттасу керек пе?

Иә. Алдын-ала жазылу арқылы оқушы математика және орыс тілінен тестілеуден өтеді. Сондай-ақ психолог пен логопед міндетті түрде балаға кеңес береді.

Мектепте оқу ақысы қанша? Жеңілдіктер бар ма?

Оқу құны және жеңілдіктер беру тәртібі «Тұран университеті» мекемесінің «Тұран» лицейінің «Мектеп оқушыларының оқу ақысын төлеу туралы ережемен» реттеледі.

«Тұран Лицейі» мектебінде оқушыларды тамақтандыру қалай ұйымдастырылған?

Мектеп оқушыларды күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етеді: таңғы ас, түскі ас және бесіндік (полдник) тағамдар. Оқушыларды тамақтандыру бойынша жұмыста асхана әкімшілігі негізгі нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.

Толығырақ

Лицейде мектеп формасы міндетті ма?

Мектеп формасы мәселесі мектептің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес біржақты оң шешілген.

Толығырақ

Әр сыныпта қанша оқушыдан болады?

24 оқушыдан көп емес.

Мектебіңіз тұран университетіне қандай қатысы бар?

«Тұран лицейі» мектебі – «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі

Лицейде ұялы телефон алып жүруге болады ма?

Лицейде ұялы телефонды алып жүруді ұсынбаймыз. Сабақ уақытында болмашы себеппен қоңырау шалуға немесе электронды ойын ойнауға еліктіріп алуы мүмкін.

Ағылшын тілі сабағын сол тілдің білім иегері (носители языка) оқытады ма?

Иә. 4-сыныптан бастап ауызекі ағылшын тілі курсын арнайы білімі бар тіл маманы жүргізеді. Англиядан мұғалімдерді шақырамыз.

Үй тапсырмасының мөлшері қандай?

Олар біздің оқытушылар әзірлеген әрбір сыныптың оқу бағдарламасына байланысты болады. 2-6 сынып оқушылары өздік жұмыс сабақтарында жазбаша тапсырмаларды орындайды.

Егер бала сабақтан қалса немесе пәнді оқуда қиындықтар болса, бұл мәселе қалай шешіледі?

Оқушы түзету сабақтарында білім олқылықтарын жоя алады.

Мектепте қандай қосымша білім беру қызметтері бар?

Мектеп қосымша білім берудің бірнеше бағыттарын жүзеге асырады. Бұл мектептегі дайындық бағыттарына байланысты мамандандырылған тереңдетілген курстар, мектептің спорттық инфрақұрылымына негізделген спорт сабақтары, түрлі интеллектуалдық және жалпы мәдени шаралар.

Мектептен тыс жерде шаралар ұйымдастыру тәжірибеде бар ма?

Иә, біз Бел-бұлақ шатқалының Талғар ауданында орналасқан «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешенімізде тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырып, түрлі экскурсиялар, Алматы қаласының төңірегіне және шетелдерге саяхат жасап жатамыз.

Демалыс уақытында мектеп балалардың демалуын ұйымдастырады ма?

0-4 сынып оқушыларының күзгі, қысқы және көктемгі демалыс кезінде «демалыс лагері» жобасы жүзеге асырылады. Мамыр айының аяғында мектепте «Радуга» жазғы лагері өз жұмысын бастайды. Ол лагерьде 0-5 сынып оқушылары демалады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй