Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Радуга» мектеп жанындағы лагеріндегі көңілді күн

25 Маусым 2026

«Радуга» мектеп жанындағы лагері балаларға қызықты да көңілді демалыс сыйлауды жалғастыруда. Ауысымның он сегізінші күні көтеріңкі көңіл күймен әрі белсенді түрде өтті.

Бұл күні балалармен бірге Аспан саябағына бардық. Онда балаларды сан түрлі қызықты ойын-сауықтар күтіп тұрды. Олар ойын алаңында аниматорлармен бірге көңілді ойындар ойнап, ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ түрлі аттракциондарға мініп, шаттанып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған тамаша сәттерді өткізді. Әр баланың жүзінен қуаныш пен шаттық сезіліп тұрды.

Күннің соңында балаларға жағымды тосынсый жасалып, дәмді балмұздақ ұсынылды. Бұл сыйлық олардың қуанышын одан әрі арттыра түсті.

Балалар үйлеріне жарқын әсерлерге бөленіп, жүздерінде шат күлкімен, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Бұл күн барлығымыздың есімізде ұзақ сақталатын жарқын әрі жылы естелікке айналды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй