Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Өнер әлемі – балалардың көзімен

20 Қараша 2026

2 «А» сынып оқушылары Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейіне экскурсияға барды.

Экскурсия барысында оқушылар танымал суретшілердің шығармашылығымен танысты. Балалар Иван Шишкин, Алексей Саврасов және Иван Айвазовскийдің туындыларын тамашалады. Олар картиналарды қызығушылықпен қарап, әртүрлі тақырыптармен танысып, бейнелеу өнері әлемі туралы жаңа мәліметтер алды. Әсіресе, өнер туындыларын өз көздерімен көріп, әр картинаның әсемдігін сезіну балаларға ерекше әсер қалдырды.

Экскурсия өте қызықты әрі танымды өтті. Ол оқушыларға жаңа әсер сыйлап, дүниетанымдарын кеңейтуге және өнердің ғажайып әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй