Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Гимнастика – бұл қозғалыс, денсаулық және көтеріңкі көңіл күй!

19 Қараша 2026

«Тұран» лицейі мектебінде гимнастика пәнінен қызықты әрі тартымды сабақтар өткізілуде. Сабақтарды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Людмила Николаевна Уразова мен Никита Александрович Козыркин жүргізеді. Оқушылар жаттығуларды үлкен қызығушылықпен орындап, жаңа қимылдарды үйреніп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырысады. Сабақ барысында әр бала өз қабілетін көрсетіп, ептілігі мен өзіне деген сенімділігін арттыра алады. Гимнастиканың денсаулыққа пайдасы зор. Ол қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, икемділікті, күш пен төзімділікті дамытады. Балаларды дұрыс қимылдауға, тепе-теңдікті сақтауға және өз денесін басқаруға үйретеді. Мұндай сабақтар оқушылардың күшті, белсенді әрі төзімді болып өсуіне көмектеседі. Сонымен қатар көтеріңкі көңіл күй сыйлап, спортпен шұғылдануға деген ынтасын арттырады!

Гимнастика сабақтары қозғалыс – денсаулықтың, күш-қуаттың және қуаныштың бастауы екенін дәлелдейді!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй