17 қараша күні Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының есептік көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге еліміздің әртүрлі қалаларынан келген суретшілердің 100-ден астам туындысы қойылды. Әрбір шығарма өзіндік ерекшелігімен, автордың талантымен, шеберлігімен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді. Аталған көрмеге мектебіміздің әріптесі, көркем еңбек пәнінің педагогі А. С. Тампиев те қатысты. Ол көрермен назарына «Малевичпен сұхбат» атты туындысын ұсынды. Бұл – әйгілі суретшінің шығармашылығына заманауи көзқараспен жасалған өзіндік интерпретация. Автор өз жұмысында шебердің көркемдік әлемі мен шығармашылық идеяларын жеткізе білген. Осындай маңызды көрмеге мектебіміздің педагогінің қатысуы біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш!
А. С. Тампиевті көрмеге қатысуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, тың идеялар және толағай табыстар тілейміз!
Өнер өрге жүзсін, шығармашылық шабыт ешқашан сарқылмасын!




