7 «Б» сынып оқушысы Сүлейменова Кариманы тамаша нәтижесімен құттықтаймыз!
Алматы қаласында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен шахмат чемпионатында Карима жеті партияның төртеуінде жеңіске жетті. Нәтижесінде алтыншы орынға ие болып, Қазақстан чемпионатына жолдама алды! Жарыс оңай болған жоқ. Қатысушылардан тыңғылықты дайындық, шыдамдылық пен зейін талап етілді. Кариманың бір партиясы 3 сағат 15 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қарсыластар 104 жүріс жасады! Қатарынан үш рет жеңіліске ұшыраса да, Карима мойымады. Турнирдің соңғы партиясында бірінші спорттық разряды бар қарсыласын әдемі жеңіспен ұтты.
Карима, біз сені мақтан тұтамыз! Саған сенімділік, жаңа жеңістер және Қазақстан чемпионатында сәттілік тілейміз!




