Іс-шараны «Тұран» университеті мен «Тұран лицейі» мектебі Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен және Бостандық аудандық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың басты назарында *адам тұлғасы: басшы, педагог және ұжым* болды. Бағдарлама аясында эмоционалдық интеллект, өзін-өзі реттеу, тиімді қарым-қатынас орнату және мектеп ұжымында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
«Эмоционалдық реакциядан басқарушылық шешімге дейін» атты практикалық сабақ пен «Менің басқарушылық даму аймағым» тақырыбындағы рефлексия қатысушыларға талқыланған тәсілдерді басшының күнделікті қызметіндегі міндеттермен ұштастыруға мүмкіндік берді.
«Тау-Тұранның» әсем күзгі табиғаты кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және өзара пікір бөлісуге ерекше әсер берді.
Маңызды тақырыпқа назар аударып, белсенді ынтымақтастық танытқан спикерлерге, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Өзіңді түсіну, өзгені тыңдай білу және өзара сенім қалыптастыру – мықты ұжым мен мектептің тұрақты дамуының негізі.















