22 қазанда «Эко-Тұран» мектеп ұйымының еріктілері 5–7-сынып оқушыларына арнап күзгі бал өткізді. Оқушыларды музыка, би, көңілді сайыстар мен қызықты тапсырмалар күтті.
Кештің басты тақырыбы — қарым-қатынас экологиясы болды. Еріктілер қатысушыларға табиғатты ғана емес, адамдарды да аялап, құрметтеу керектігін еске салды. Бір-бірімізді сыйлау, жылы сөздер айту, тыңдай білу және көмектесу өте маңызды.
Іс-шараның басында оқушылар қалдықтарды сұрыптап жинау ережелерімен танысты. Пластик және картон стақандарға арналған жеке контейнерлер дайындалды. Кеш бойы қатысушылар пайдаланылған стақандарды өздері сұрыптап, тазалықты сақтауға атсалысты.Одан кейін қызықты сайыстар басталды. Сайыстардың бірінде оқушылар айналасындағы адамдарға арнауға болатын жылы сөздер мен комплименттерді еске түсірді. Ал келесі сайыста қатысушылар командамен жұмыс істеуді үйренді. Көзі байланған ойыншыға дженга брустарынан белгілі бір пішін құрастыру қажет болды. Оған достары ауызша нұсқаулар беру арқылы көмектесті. Жеңіске жету үшін бір-бірін мұқият тыңдап, өз әрекеттерін дұрыс түсіндіре білу маңызды еді.Көңілді би сайыстары да кештің сәнін келтірді! Музыка, күлкі мен көтеріңкі көңіл күй кешті жарқын әрі қызықты етті.
Күзгі бал оқушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар баршаға маңызды ой салды: қарым-қатынас экологиясы әрқайсымыздан басталады. Ол жылы сөзден, өзара құрметтен, қолдаудан және қоршаған әлемге қамқорлық жасаудан бастау алады.









