2024 жылдың 15 қарашасында «Тұран «Лицейі» мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларының бесеуі жыл сайын Қазақ-Неміс университетінде өтетін «Speak Your Mind» қалалық шешендік өнер байқауына қатысты. Балалар өз құрдастарының ортасында өзекті тақырыптарда ағылшын тілінде тамаша таныстырылым жасады. 11 «А» сынып оқушысы Елнар Селина қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сөз сөйлеп, 2-орынға ие болды. Қазылар алқасы Селенаның әсерлі және ерекше өнерін лайықты бағалап, шығармашылық түрде жасалған презентацияны атап өтті.