Жаңа оқу жылы қарсаңында «Тұран лицейі» мектебінде педагогикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысын мектеп директоры С. К. Исламгулова құттықтау сөзімен ашып, педагогтер қауымына жаңа оқу жылында сәттілік пен кәсіби жетістіктер тіледі. Сонымен қатар ұжымға жаңа қызметкерлер таныстырылып, командалық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы мектеп жұмысының қорытындылары талданып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.
Педагогикалық кеңесте: лицейдің жылдық жұмыс жоспары; оқу жоспары;
элективті курстар мен үйірмелердің бағдарламалары; тәрбие жұмысы мен мектепішілік бақылау жоспарлары қаралып, бекітілді.Сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Педагогтер негізгі ережелерді талқылап, академиялық адалдық комитетінің құрамын бекітті. 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуы, аттестаттау комиссиясы мен сараптамалық кеңестің құрамын бекіту мәселелері де қаралды.Кеңес барысында лицейдің тиімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұйымдастыру мәселелері шешілді.Отырыстың соңында педагогтерді марапаттау рәсімі өтті. Алғыс хаттар мен марапаттар ұстаздардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және білім беру саласына қосқан үлесіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.
Жаңа оқу жылы — жаңа мүмкіндіктер мен жаңа белестердің бастауы! Алда — қызықты жобалар, маңызды міндеттер мен үлкен жетістіктер!«Тұран лицейі» мектебінің барша ұжымына шығармашылық шабыт, жаңа идеялар, жемісті еңбек және жоғары нәтижелер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!








