Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Бірге көңілді әрі тату-тәтті

12 Қыркүйек 2026

Бірінші  сынып оқушылары 12 қыргүйекте ата-аналарымен бірге «Тау-Тұран»
оқу-сауықтыру кешені демалыс орнына бірлескен саяхатқа аттанды.

Күннің басты оқиғасы «Әке, ана, мен – спорт сүйер  отбасы» атты спорттық эстафета болды. Балалар мен ата-аналар жарыс тапсырмаларына қызығушылықпен қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ жеңістерге қуанды. Балалар үшін бұл таудың таза ауасында өткен белсенді әрі көңілді күн болды.Ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, әңгімелесіп, балаларымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Осындай кездесулер отбасыларға  бір-бірімен жақынырақ араласуға, тату болуға, ал балаларға  өздерін үлкен мектеп отбасының бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етеді.

Бұл күн біздің бірінші сынып оқушыларына мектеп өміріндегі  мейірім мен  қуаныштың бастауы болсын!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй