2026 жылдың 1 қыргүйек күні «Тұран лицейі» мектебінің ауласы тағы да оқушылардың қуанышты жүздеріне, ұстаздардың жылы лебіздеріне және жаңа оқу жылына деген ерекше толқынысқа бөленді.
Бұл күні Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы Білім күнінің мәні айрықша. Себебі 2026 жыл — «Тұран лицейінің» 30 жылдық мерейтойы. Мереке 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық лицей оқушыларының басын біріктірді. Ерекше сәт лицейдің 30- жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер мен мектеп бітіріп, ересек өмірге дайындалып жатқан жоғары сынып оқушыларының бір сапта тұруы ұрпақтар сабақтастығының жарқын символына айналды.
Ізгі дәстүр бойынша мерекелік шараға «Тұран» білім беру корпорациясының құрылтайшылары мен басшылары арнайы келіп, лицей шәкірттеріне ақжолтай тілектерін білдірді. Жиында құттықтау сөзін «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшанов сөйледі. Ол оқушыларға жаңа оқу жылында биік мақсаттар қойып, білімге ұмтылуға және өз қабілеттерін дамытуға тілектестік білдірді.
Мерекелік бағдарламаның мазмұнын оқушылардың шығармашылық өнері толықтырды. Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Счастливое детство» вокалдық тобы мен «Ruzzle Duzzle» би студиясы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиын барысында тағы бір ерекше сәт лицейдің білікті ұстазы Людмила Николаевна Уразоваға «Дене шынықтыру саласындағы үздік қызметкер» медалі табысталды. Ол 27 жылдан бері өзінің кәсіби қызметін «Тұран лицейіне» арнап, дене шынықтыруды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келеді.Сондай-ақ «2026 жылдың үздік сыныбы» байқауының қорытындысы жарияланды.
- 1–4 сыныптар — Паканова Г. Л.;
- 5–8 сыныптар — Кочеткова М. А.;
- 9–11 сыныптар — Тютенова А. Б.
Мерекелік шараның ең әсерлі және ең басты символы — алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл құрметке 11 «А» сынып оқушысы Николаев Илья мен 1 «А» сынып оқушысы Зворыкина Виолета ие болды.Екі буын өкілінің бірге алғашқы қоңырау соғуы «Тұран лицейі» мектебінде қалыптасқан дәстүрдің жалғастығын, ұрпақтар сабақтастығын және жаңа бастамалардың нышанын білдірді. Салтанатты жиын оқушылар мен ұстаздарды бір арнаға тоғыстырған ортақ мерекелік флешмобпен аяқталды.
Алдымызда жаңа білімге, жаңалықтар мен жетістіктерге толы жаңа оқу жылы күтіп тұр! «Тұран лицейі» мектебінің 30 жылдық мерейтойы – табысқа толы 30 жыл. Ең қызықтысы әлі алда!













