Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОЛАРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ

5 Қаңтар 2023

2023 жылдың 5 қаңтарында «Оқушылардың экологиялық ойлауын қалыптастыру олардың жаһандық құзыреттілігін қалыптастырудың шарты» атты ғылыми-әдістемелік тақырыпта жұмыс істейтін жоба тобының аралық есебі өтті.

Семинар барысында ұстаздар жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамытудың заманауи тәсілдерімен бөлісті, сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын әдіс-тәсілдерге тоқталды.

Сөз соңында табиғи ортада экологиялық сауатты мінез-құлық ережелері бойынша «Эко-достық» экологиялық ойыны өткізілді. Семинарға қатысушылар белсенді қатысып, алған білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана білді.

Мұғалімдерді педагогикалық құзыреттілігін арттыруға шабыттандыратын және ынталандыратын, мектепте кәсібилік пен шығармашылық атмосферасын құруға мүмкіндік беретін үнемі «кәсіби тонуста» болуға көмектесетін үлкен тәжірибе және жаңа идеялар алмасуы болды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй