20 мамырда «Тұран» лицейінің» мектебінде 4 «Б» сынып оқушысы Ким Алисияның «Мен сурет салғанды жақсы көремін» атты жеке көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрмеде әр түрлі көркемдік техникада гуашь, акварель және құрғақ пастельмен орындалған жанрлық жұмыстар ұсынылды. Алисияның суреттері қонақтарды шынайылығымен және жарықтығымен ғана емес, сонымен қатар қоршаған әлемге жетілген көркемдік көзқарасымен таң қалдырды.
Ұсынылған жұмыстардың көпшілігі халықаралық, республикалық және қалалық байқауларға қатысып, жоғары мадақтамалар мен дипломдарға ие болды.
Біз жас суретшіміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және Алисияға өнер әлемінде одан әрі шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!