Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ІІІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ПСИХОЛОГИЯДАН ВИКТОРИНА

22 Ақпан 2024

«Тұран лицейі» мектебінің  психологтары: Калачева Т.В., Алимова А.М., Кирюшкина Н.Л. 3 жыл қатарынан 3 және 4 сынып оқушылары арасында психология викторинасын өткізуде. Дәстүрлі шара екі параллельден келген оқушыларды біріктіріп, олардың топ болып жұмыс істеу, логикалық есептерді шешу, жағдайларды мұқият зерделеу және тез шешім табу қабілеттерін сынауға мүмкіндік береді.

22 ақпанда мектеп мәжіліс залында командалар кездесті. Әр сынып өз ұраны мен шығармашылық үй тапсырмасын ұсынды.

Балалар келесі сынақтардан өтті: логикалық тапсырмалар, филворд бойынша зейінділік сынағы, танграмма. Сыныптарындағы жанкүйерлердің қолдауымен командалар өздерінің қабілеттерін көрсетуге барын салды.

Қазылар алқасы ұпайларды санап жатқанда, оқушылар динамикалық үзіліс кезінде биледі, өйткені бұл демалуға және шиеленісті жеңілдетуге жақсы әдіс.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жүлделі орындарға ие болған командаларға  сыйлық ретінде тәттілер берілді.

  • 1-орынды (үстел ойынының жүлдесі) 3 «А» сынып командасы иеленді.
  • 2 орын – 4 «А» командасы.
  • 3 орын – 3 «Б» командасы.

«Мега-ми» номинациясы – 3 «В».

«Турбо оқушылар» номинациясы – 4 «Б».

Құттықтаймыз! Жарайсыңдар, балалар!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй