Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» фестивалі аясындағы «Математика – бұл оңай» іс-шарасы

21 Қараша 2025

«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» фестивалі аясында математика пәнінің мұғалімі Класс Р. Г. және информатика пәні мұғалімдері Рахымбекова А. М. мен Саттыбаева Л. И. бірлесіп «Математика – бұл оңай» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Олар өздері әзірлеген тапсырмалар, ребустар және қызықты мәліметтерді мектеп оқушыларының алдында ұсынды.

Белсенді қатысушылар қатарында 2 және 4-сынып оқушылары да болды. Балалар зор қызығушылықпен математикалық есептерді шешіп, патриоттық ребустарды тауып, зеректігі мен ерекше қызығушылығын көрсетті.

Іс-шараның ерекше бөлімдерінің бірі — «Қазақстан сандар матекаматикасы» айдары болды. Ол оқушыларға туған елін қызықты деректер мен статистикалық мәліметтер арқылы танып-білуге, күнделікті дүниелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтті. Ол әр түрлі жастағы оқушыларды біріктіріп, математиканың қарапайым, қызықты және әркімге жақын бола алатынын дәлелдеді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй