«Экология және математика: пайыздар» тақырыбында ашық сабақ математика пәнінің мұғалімі Абай Асқарұлының жетекшілігімен 5 «Б» сыныбында өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәселелерді талдау барысында математикалық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру және олардың практикалық маңызын түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаның ластану деңгейін есептеу, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды үнемдеу сияқты өмірлік жағдайларға негізделген есептерді шығарды. Мұндай тапсырмалар оқушыларға математикалық пайыздардың күнделікті өмірде және экология саласында қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік берді.
Тақырыптың өзектілігі экологиялық ойлауды дамыту қажеттілігімен, сондай-ақ математикалық білімді нақты өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдысын қалыптастырумен байланысты.







