Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Cambridge for Kazakhstan: Зияткерлік сайыс

14 Мамыр 2025

14 мамырда ағылшын тілі мұғалімдері Штефан О. В.және Цой Н. И. 5-6 сынып оқушыларына арналған Cambridge for Kazakhstan интеллектуалды ойынын өткізді.

Балалар барлық төрт негізгі дағдыларда бақ сынасты: оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым. Ойында нақты Кембридж емтихандарында кездесетіндерге ұқсас тапсырмаларды қолданды.

Іс-шара біздің мектепте жүргізіліп жатқан халықаралық тілдік емтихандарға дайындық курсының есеп кезеңі болды. Жыл сайын курсты аяқтағаннан кейін біздің оқушылар Cambridge емтихандарын мектеп қабырғасында сәтті тапсырады. Болашақта оларға IELTS, FCE, CAE және университеттерге түсу үшін қажет басқа да маңызды емтихандарға дайындалу оңайырақ.

5 сыныптар арасында 5 «А» сыныбы, 6 сыныптар арасында 6 «Б» сыныбы жеңімпаз атанды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй