«Алтын сақа» қалалық олимпиадасы — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық дағдыларын және ғылымға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған маңызды зияткерлік сайыс.
«Тұран Лицейі» мектебінің оқушылары олимпиаданың қалалық кезеңінде өз білім ордасының намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша:
5 «В» сынып оқушысы Серікбай Әли II орынға,
6 «А» сынып оқушысы Серік Аслан III орынға ие болды.
Оқушылар математика пәніне деген терең қызығушылықтарын, табандылықтары мен алға қойған мақсатқа ұмтылысын көрсете білді. Бұл жетістіктер — жүйелі дайындық пен мектептегі сапалы білім беру жұмысының нәтижесі. Оқушыларды математика пәні мұғалімдері Қартаев Абай Асқарұлы мен Айдан Бекхан Нұрханұлы дайындады.
Жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтап, оқуда толағай табыс, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!






