Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Алматыда алғаш рет өткен “Математикалық регата”: “Алау” командасының жеңісі

5 Мамыр 2026

Алматы қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Математикалық регата” алғаш рет ұйымдастырылды. Бұл сайыс педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға, тәжірибе алмасуға және бастауыш сынып оқушылары арасында математика пәніне деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

«Тұран Лицейі» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мальтиева Айгүл Жолдыбайқызы олимпиаданың барлық кезеңдеріне қатысты: аудандық кезең – 26 наурыз; қалалық кезең – 7 сәуір; республикалық кезең – 28-29 сәуір. Әр кезеңде Мальтиева А.Ж. және Алматы қаласы Бостандық ауданының басқа да бастауыш сынып мұғалімдері құрамына енген “Алау” командасы жүлделі I орынды иеленді.

“Алау” командасының жеңісі педагогтердің жоғары кәсіби деңгейінің, ұйымшылдықтарының және шығармашылық көзқарасының жарқын дәлелі болды. Мұғалімдерді лайықты жеңістерімен құттықтап, педагогикалық қызметтеріне толағай табыс тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй