Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Алдар Көсемен бірге ертегілер әлеміне саяхат

24 Сәуір 2026

Ұлттық кітап күніне орай 2 «В» сынып оқушылары үшін «Айлакер де мейірімді Алдар Көсе» атты мерекелік кітапхана сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – балаларды қазақ халық ертегілерімен және олардың басты кейіпкері Алдар Көсемен таныстыру, сондай-ақ оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сабақ барысында оқушылар Алдар Көсенің бейнесімен танысып, оның тапқырлығы, алғырлығы мен мейірімділігі туралы білді. Ертегілерді оқу және талқылау арқылы балалар жақсылық пен жамандықты, жомарттық пен сараңдықты, адалдық пен айлакерлікті ажыратуды үйренді. Сабақта түрлі жұмыс түрлері қолданылды: әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талқылау, «Тапқыр жауап» ойыны, сондай-ақ шығармашылық жұмыстар. Сабақ соңында оқушылар кітапқа арналған бетбелгілер жасады: қазақтың ою-өрнектерін бояп, оларды қатырма қағазға жапсырды. Бұл тапсырма балалардың қиялын, ұқыптылығын және кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға қуана жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды ынтамен орындады. Бұл сабақ оқушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, мейірімді әрі тәрбиелік мәні бар кітаптарды көбірек оқуға шабыт сыйлады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй