Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«2-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 2 ТОҚСАНДАҒЫ, 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ҮЛГЕРІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

13 Қаңтар 2024

Білім сапасы – мектептегі оқу үдерісінің жағдайы мен тиімділігін анықтайтын әлеуметтік категория. Оқушылардың білім сапасын бақылаудың бір жолы – педагогикалық бақылау. Мониторинг (ағыл. Monitoring – бақылау, қадағалау) – бүкіл жүйенің жағдайын динамикалық бақылаулар, аналитикалық бағалау және болжау кешені. Біздің мектепте бірнеше жылдан бері оқушылардың үлгерімін бақылау жүргізіліп келеді.

Мониторингтің мақсаты – проблемаларды анықтау және мақсатты түзету жұмыстары арқылы оқушылардың жалпы білім беру дайындығының жағдайын жақсарту.

2024 жылдың қаңтар айында 2-11 сынып оқушыларының 2023-2024 оқу жылының ІІ тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы бойынша үлгерімінің қорытындысы қаралған педагогикалық кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары сыныптар, параллель, пәндер бойынша және мұғалімдердің жұмысы бойынша оқушылардың білім үлерімі  мен сапасы туралы ақпараттармен  таныстырды.

Ұсынылған SWOT талдау ұжым жұмысының оң жақтарын айқын көрсетті, кемшіліктерді анықтады және келесі тоқсандағы педагогикалық ұжым қызметінің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Педагогикалық кеңес жұмысының нәтижесінде бірігіп қаулы қабылданды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй