Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«ЖЕТІ жұрттың  ТІЛІН БІЛ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

2 Қазан 2023

Қазақстандағы үштілді білім беру моделін қолдау мақсатында Алматыда жыл сайын «Жеті жұрттың тілін біл» қалалық байқауы өткізіледі. Бұл байқауды білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды, оның мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудегі оқушылардың талпыныстарына қолдау көрсету. Барлық қатысушылардан үш тілді түсіну және оқу қабілетін көрсету талап етілді.

Облыстық кезең 14 және 15 қыркүйекте өтті. Қатысушылар бірінші күні «Өзге тілдің барын біл…» тақырыбында қазақ тілінде эссе жазу керек болса, екінші күні басқа екі тілді білуі тексерілді.

Байқауға «Тұран» лицей-мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Исмаилова Сәния қатысып, барлық тапсырмаларды тамаша орындап,  екінші орынды иеленді.

Сәнияға келешекте де  жемісі көп болсын дегіміз келеді!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй