Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНЕН 2 «А» СЫНЫБЫНДА «КҮН СӘУЛЕСІ ҚАЙДА КЕТТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ

12 Сәуір 2024

2024 жылдың 12 сәуірінде 2 «А»сыныбында» Күн сәулесі қайда кетті » тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті.

Ол қызықты өтті, балалар керемет жұмыс жасады, зерттелген материал туралы білімдерін көрсетті және энергия түрі туралы жаңа фактілермен танысты. Олар бейнероликтерді көрді, презентациямен танысты, мұғалімнің түсіндірмесін тыңдады, электронды оқулық бойынша оқығандарын бекітті. Сабақта әр оқушыға эксперимент жүргізу үшін барлық қажетті ресурстар дайындалды. Барлық оқушылар тапсырманы орындады, зерттеуді қорытындылады, гипотезасын, зерттеу нәтижесін жазды және өз болжамдары мен нәтижелерін салыстыра отырып қорытынды жасады. Оқушылар кестеде барлық кезеңдерді тіркеді.

Бағалаудың негізгі түрі-өзін-өзі бағалау: балалар үй тапсырмасын орындау, жоспар бойынша эксперимент жүргізу, заттардың түрлері, олардың мөлдірлік қасиетін зерттеу және жаңа тақырыпты игеруді тексеру үшін өз бетінше жұмыс жасау арқылы өздерін бағалады. Бағаларды оқушылардың өздері объективті түрде қойды.

Жаратылыстану пәнінен практикалық сабақ оқушыларға жаңа тақырыпты жақсы меңгеруге көмектесті, оқушылардың ғылыми-табиғи сауаттылығын дамытуға ықпал етті.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй