17 мамырда Алматы қаласында түрлі елдердің жарқын және талантты ұжымдарын жинаған «VOSTORG -2025» халықаралық өнер байқауы өтті.
Біздің «RAZZLE dazzle» мектебінің би студиясы Массерова Ирина Алексеевнаның жетекшілігімен «Тұран» лицейі» мектебін абыроймен таныстырып, шеберліктің, шығармашылықтың және командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша студия қатысушылары түрлі жас санаттарында жүлделі орындарға ие болды:
«Queen energ» -ГРАН-ПРИ (аға топ)
«Тролльдер» – 1 орын (орта топ)
«Basket team» – 2 орын (орта топ)
«Біз қасқырлардан қорықпаймыз» – 2 орын (кіші топ)
Сонымен қатар, студия өнерпаздығы, энергиясы және өзіндік ерекшелігі үшін «Би алаңының жұлдыздары» арнайы номинациясымен марапатталды.
Біздің талантты бишілерімізді және олардың жетекшісін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Жаңа шығармашылық жеңістер, шабыт және жарқын қойылымдар тілейміз!