8 ақпанда информатикадан «Веб-сайтқа контент орналастырудың түрлері мен әдістері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мұғалімі Қожанова Жанар Асылбекқызы 10 «А» сынып оқушыларымен бірлесе отырып, толық мазмұнды сайт әзірледі.
Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- 1-топ «Маркетологтар»: бәсекелестерді зерттеді.
- 2-топ: «Веб-дизайнерлер»: сайттың дизайнын анықтады.
- 3-топ: «Веб-әзірлеушілер»: сайтты өздері әзірледі.
- 4-топ: «Копирайтерлер»: сайтқа контент орналастырды
Жоғары сынып оқушылары өз білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын кәсіби мамандар ұжымы ретінде көрсете отырып, тамаша жұмыс жасады.