Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Тұран» лицейінде XXX Спартакиада басталды!

28 Қыркүйек 2026

28 қыркүйек күні «Тұран» лицейінің спорт алаңында 2026–2027 оқу жылына арналған XXX Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Спорттық марш әуенімен футбол алаңына шыққан оқушылар мерекелік сап түзеді. Спартакиада – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулып, күш-жігерін шыңдауға, ептілік пен төзімділікті дамытуға, командалық рух пен өзара қолдауды қалыптастыруға бағытталған маңызды дәстүрлі іс-шара.

Салтанатты жиында спортта жоғары жетістіктерге жетіп, лицей намысын қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап жүрген оқушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Лицейдің үздік спортшылары көпшілік алдында құрмет шеңберін жасап, естелік фотосессияға қатысты. «Тұран» лицейінің туын көтеру құрметі 7 «Б» сынып оқушысы Диас Тілеуге берілді. Жүгіру, ұзындыққа секіру және кермеге тартылудан жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген Диасқа бұл сәт үлкен жауапкершілік жүктеді. Көпшіліктің қошеметімен XXX Спартакиада ашық деп жарияланды!

Салтанатты ашылудан кейін «Ұрпақтар эстафетасы» атты қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Оған 1–7-сынып оқушыларының командалары қатысты. Жас спортшылар жылдамдық, ептілік және ұйымшылдықтарын сынап, әр кезеңде бір-біріне қолдау көрсетті.Спорттық сайысқа қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен жарысып, өздерінің шапшаңдығы мен командалық рухын көрсетті.

XXX Спартакиаданың ашылуы барша қатысушыларға ерекше көңіл күй, сергектік пен спортқа деген жаңа серпін сыйлады. Алда лицей спортшыларын талай жарыс, жарқын жетістік пен жеңіс күтіп тұр!

Спорттық мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Л. Н. Уразоваға, Р. Л. Морозоваға және Н. А. Козыркинге  алғысымызды білдіреміз!

Барлық XXX Спартакиада қатысушыларына зор денсаулық, биік белестер және жаңа спорттық жеңістер тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй