Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ТҰРАН» ЛИЦЕЙІ МЕКТЕБІНІҢ сөйлесу үйірмесі

17 Мамыр 2023

2022-2023 оқу жылының басынан бері Тұран лицей мектебінде алғаш рет TED әңгімелері стилінде қазақ тілінде «TEDx TANIM» (жетекшісі Талипова Эльмира Ермонтаевна) және ағылшын тілінде «TEDx» әңгімелесу үйірмесі (жетекшісі Стефан Оксана Владимировна) енгізілді.

Апта сайынғы сабақтарда жоғары сынып оқушылары әлемде өте танымал және миллиондаған көрермендердің назарын аударатын ашық TED сұхбаттарының негізгі принциптері туралы көп мағлұмат алды, әйгілі TED спикерлерінің тәжірибесімен танысып, негізгі әдіс-тәсілдерді үйренді. Балалар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, коммуникативті дағдыларын дамытуға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Үйірме жұмысының нәтижесінде 2023 жылдың 16 мамырында балалар баяндамалар дайындады, озық ойларымен бөлісті (Идеяларды таратуға тұрарлық).

10 «А» сынып оқушылары Тұрғынбаева Жаңылай мен Исмаилова Сәния қазақ тілінде сөйлеген сөзінде «Қазақстандағы экологиялық мәдениет» мәселесін көтеріп, осы мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынды.

9 «А» және «Б» сынып оқушылары Сухорукова Ульяна, Зурдинова Амина және Толукан Зейнеп ағылшын тілінде сөйлеп, үйсіз жануарлар мәселесі және көмек көрсету жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.

Ал спикерлер 9 «А» сынып оқушылары Меншенина Алена мен Эльнар Селина ағылшын тілінде сөйлей отырып, жиналғандардың назарын адамдардағы «әлеуметтік мазасыздық» мәселесіне аударып, оны жеңу әдістерін ұсынды.

Оқушылардың барлық өнерлерін көрермендер ризашылықпен қабылдап, лайықты бағасын алды. Ал спикерлер алғашқы TED сертификаттарын алып, баға жетпес тәжірибе жинақтады.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй