Маусымның 1-і күні Алматыда хореографиялық өнердің «Жаныңмен биле» атты халықаралық байқауы өтті.
«Mozaika dance» би студиясының кіші тобы жоғары марапатқа ие болды: БАС ЖҮЛДЕ!
Оқушылар және олардың өнерлі жетекшісі Ирина Алексеевна Массерованы құттықтаймыз!
Балаларды қорғау күні нағыз мерекеге айналды! Балаларымыз әрқашан би билеп, ән шырқап, бейбіт аспан астында бақытты өмір сүрсін!