Талипова Гульвира Ермонтаевна 7″ Б » сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Су – тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жұмбақ шешуден басталды, балалар дұрыс жауабын тауып, мақсаттар мен міндеттерді өз бетінше анықтай алды. Сабақ барысында қолданылған ПОПС формуласы мен постерді қорғау оқушылардың сыни ойлау дағдыларын сәтті меңгергенін көрсетті. «Алтын сандық» әдісі қолданылған рефлексия кезеңінде балалар сабақ туралы өз әсерлерімен бөлісті. Сабақтың құрылымы айқын және мақсаттарға сай құрылған.