Оқу жылында «Тұран» лицейі мектебінің ұстаздары біліктіліктерін шыңдайды. Ал шығармашылық топтардың құрамында әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оқушылардың әртүрлі құзыреттіліктерін дамытудың жаңа әдістерін: коммуникативті, шығармашылық, экологиялық және т.б. тәжірибеде қолдануды үйренеді.
23 қыркүйекте мектептің конгресс-холлында жеті шығармашылық топтың аралық есебі өтті. Басшылар бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталды: өткізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру туралы есеп берілді.
Кездесуге қатысушылар тәжірибелік дағдылармен алмасып, топпен жұмыс жасады.
Барлығы жаңа білімдерін бекітіп, тәжірибелерімен бөлісіп, Жаңа жыл мерекелеріне санаулы күндер қалғанын еске түсіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.