20 қараша күні «Тұран» лицейі мектебінің конгресс-холында шахматтан бір мезгілде ойын сеансы өтті. Іс-шара «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» мектеп фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Шахмат ойынына 2–6-сыныптардың 23 оқушысы қатысты. Балалар өз білімдерін, зейінділіктерін және бірнеше жүрісті алдын ала ойластыра білу қабілеттерін көрсетті. Әрбір қатысушы дұрыс шешім тауып, қарсыласын жеңуге бар күшін салды. Іс-шараны шахмат мұғалімі А. В. Крюкова ұйымдастырып, өткізді.
Бір мезгілде ойын сеансы оқушылар үшін өз мүмкіндіктерін сынап, жаңа тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік болды. Мұндай кездесулер ойлау қабілетін дамытып, балаларды сабырлы болуға және қарсыласын құрметтеуге үйретеді.











