Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОР, полиция майоры НУРҒАЛИЕВА ӘЙГЕРІМ МАРАТҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

14 Ақпан 2024

14 ақпан күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі жергілікті аға  инспектор полиция майоры Нұрғалиева Айгерім Маратқызымен кездесу өткізілді.

Әңгіме кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу  мақсатында жүргізілді.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сонымен қатар балалардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының (ұялы телефон, ақша және т.б.) сақталуына жауапкершілігі туралы мәселелер көтерілді.

Жасөспірімдерге кәмелетке толмағандар үшін жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталады және қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.

Сондай-ақ инспектор оқушылардың сыртқы келбеті, мектептегі және қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстауы, мұғалімдерге, ересектерге және құрбыларына деген құрметті және дұрыс қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды.

 

Әңгіме барысында балалар инспекторды зор ықыласпен тыңдап, барлық сұрақтарына жауап алды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй