Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «XXI-ҒАСЫР ҚОШБАСШЫСЫ» ОЙЫНЫ

13 Желтоқсан 2023

2023 жылдың  13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдей бер, Қазақстаным!» фестивалі аясында 4 сыныптарда  «XXI-Ғасыр көшбасшысы» ойыны өтті. ІС-шара кезінде оқушылар бір-біріне  ерекше сыйластық пен мен мейірімділік, сыйластық қарым-қатынас таныта білді.

Қазақ тілі мұғалімдері А.Г.Жұмағалиева мен А.Б.Айбергенова әр оқушының өзін-өзі тануына тамаша жағдай жасап, олардың қызығушылықтары мен  өз бетінше ойлауына мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұйымшылдық сезімін оятып, белсенділік пен шығармашылыққа ынталандырады. Ұстаздар  мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмыстары мектеп дәстүріне айналғандығы айқын көрінді. Балалар әр тапсырманы қуана, ыстық ықыласпен орындады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй