Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ТАРИХИ ИНТЕРАКТИВТІ ВИКТОРИНАСЫ

12 Желтоқсан 2022

12 желтоқсанда 5 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» тарихи интерактивті викторинасы өтті.

Оны тарих пәнінің мұғалімдері Пилипенко Людмила Ивановна мен Жеңісқызы Әсем Жеңісқызы ұйымдастырды.

Бұл шараны 10 «А» сынып оқушылары Шандыбина София мен Байбуз Дария жүргізді.

Интерактивті викторина келесі кезеңдерден тұрды: «Таныстыру», «Ассоциациялар», «Халық даналығы», «Үйге тапсырма».

Кезеңдер арасында балалар мектебіміздің оқушыларының орындауындағы әндерді тыңдап, 3-сынып оқушыларының биін тамашалады.

«Блиц-сауалнама» осы қиын күресте үздіктерді анықтауға мүмкіндік берген ақтық сайыс болды.

Барлық сынып оқушылары белсенділік танытып, өз білімдерін, топтық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Жеңімпаздар:

  • 1-дәрежелі диплом – 5 «Б» командасы.
  • II дәрежелі диплом – 5 «А» командасы.
  • ІІІ дәрежелі диплом – 5 «В» командасы.

Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй