24-25 ақпан күндері «Тұран» лицейі мектебінің 8-11 сынып оқушыларынан құралған 3 командасы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен халықаралық пікірсайыс турниріне қатысты.
Екі күн бойы балалар әртүрлі тақырыпта пікірталас жүргізіп, дәлелдер мен қарсы дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын қорғады.
Лицей оқушылары үшін мұндай турнир жаңа тәжірибе болып табылады. Оқушылар қарсыластарының сөйлеген сөздерін көріп, алдағы пікірталастарға тиісті қорытындылар жасады.
Тьюторлар ағылшын тілі мұғалімдері: Стефан Оксана Владимировна және Ахметова Махинур Кудатовна болды.
Балалар, жаңа тәжірибелеріңіз құтты болсын