25 қыргүйек күні салтанатты залда 8–9-сынып оқушылары кәсіби медиатор Кондратюк Наталья Николаевнамен кездесті.
Таныстырылым тақырыбы: «Медиация: дауды диалогқа қалай айналдыруға болады?».
Іс-шара барысында оқушылар тек дауларды шешудің тәсілі ретінде медиацияның негіздерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар келесі практикалық білімдерді де алды:
- қақтығыс жағдайларын сауатты талдау;
- келіспеушілік жағдайында тиімді диалог құру;
- өзара тиімді шешімдер мен түсіністік табу.
Наталья Николаевна әсіресе жеке жауапкершіліктің және әңгімелесушіні белсенді тыңдай білу дағдыларының маңызды рөлін атап өтті.
Мұндай кездесулер лицейдің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар оқушыларға дауларды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға және іскерлік пен жеке қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.




