Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Kinderville орталығындағы көңілді күн!

6 Қараша 2026

6 қараша күні 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушылары Kinderville ойын-сауық орталығына саяхат жасады.

Балаларды қызықты әрі көңілді күн күтіп тұрды. Олар қызыға ойын ойнап, түрлі ойын-сауықтарға қатысып, әртүрлі ойындарда өз күштерін сынап көрді. Әр бала өзіне ұнайтын ермекті тауып, уақыттарын шаттыққа толы өткізді. Уақыттың қалай өткенін байқамай да қалды. Балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, көптеген жағымды әсер алды, жаңа әсерлермен бөлісіп, бір-бірімен еркін араласты. Осындай танымдық әрі көңілді саяхаттар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға және есте қаларлық сәттерді бірге өткізуге мүмкіндік береді.

Kinderville орталығындағы күн қызықты әрі көңілді өтті! Балалар мектепке көтеріңкі көңіл күймен, жүздерінде күлкімен оралды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй