Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«ГҮЛДЕНЕ БЕР, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА 7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

21 Желтоқсан 2023

21 желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Марина Андреевна Кочеткова «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» фестивалі аясында 7-сынып оқушылары арасында орыс және ағылшын тілдерінде «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты интеллектуалды ойын өткізді.

Балалар қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша топпен жұмыс жасап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Олар ойынға қызығушылықпен қатысып, таңдалған санаттар бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады.

Ойын қорытындысы бойынша 7 «Б» сыныбы 1 орын, 7 «Б» сыныбы 2 орын, 7 «А» сыныбы 3 орынға ие болды.

Оқушылар мектептегі пәндерді жақсы меңгергендерін және ағылшын тілін жетік білетіндіктерін көрсетті

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй