Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» атты салтанатты шара ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік ұғымының Қазақстан халқы үшін өте маңызды екенін көрсету, мемлекетіміздің рәміздері мен мемлекеттік мерекелерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Бұл салтанатты шараға мектептің барлық сыныптары қатысты.
Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілінде тақпақтарды мәнерлеп жатқа айтты.
Тәуелсіздікке қол жеткізуге үлес қосқан қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнесін жоғары сынып оқушылары тамаша сомдады. Балалар қазақ хандарының, батырларының, тарихи тұлғаларының рухы биік, табанды, өз жерін сүйетінін ерекше қабілетпен ашып көрсете алды.
Сахналық қойылымдар тәуелсіздіктің белестерін, қазақ халқының қалыптасу тарихын көрсетті.
Шара 6-сынып оқушыларының хорының орындауындағы Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.
Қазақстан – бас әріпті ел, тату-тәтті, тату-тәтті өмір сүретін ел, аспаны әрқашан көгілдір ел, әрқашан азат ел, иә – бұл біздің Отанымыз, біздің Қазақстанымыз.