Оқу жылы аяқталды. Балалар үшін мереке де келіп жетсе, ұстаздарға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасатын кез келді.
2023 жылдың 7 маусымында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып сабақтарында мнемотехниканы қолдану» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты: мұғалімдерді мнемотехника әдісін қолдану арқылы ақпаратты тиімді есте сақтау, есте сақтап қана қоймай, оны жаңғыртуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер жүйесімен таныстыру.
Аверина Инна Юрьевна мнемотехника ұғымын, тақырыптың өзектілігін ашып, технологияның ерекшеліктері мен принциптерімен, мнемо-кестемен жұмыс жасау кезеңдерімен таныстырып, осы тақырыппен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде ол мұғалімдерге мнемотехниканы меңгеруге мүмкіндік берілді.
Семинардың тақырыбы өзекті және қызықты. Мұғалімдер мнемотехниканы қолдану сабаққа деген қызығушылықты, әрине тиімділікті арттыруға болатынын атап өтті.