Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «DO I KNOW KAZAKSTAN?» АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАРАФОН

10 Мамыр 2024

Бүгін, 2024 жылдың 10 мамырында 5-6 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде «Do I know Kazakstan?» марафоны өтті. Ағылшын тілінің мұғалімдері: Цой Н.И., Штефан О.В. и Кочеткова М.А. дайындаған тапсырмалар интерактивті түрде өтті.

Топтар қызығушылықпен  жұмбақтарды шешіп, туған жер, үй, достар туралы мақал-мәтелдерді дұрыс орналастырды. Олар Қазақстанның белгілі тұлғалары мен батырларының фотосуреттерін мәліметтермен біріктірді. Балалар  мемлекеттік мерекелерді білу тапсырмасын орындады.

Марафон нәтижелері:

  • 1 орын – 5 «В» және 6 «В»
  • 2 орын – 5 «А» және 6 «А»
  • 3 орын – 6 «Б».

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй