Для тех, кто верит в себя и стремится к успеху!
Алматы, ул. Мынбаева, д. 102

4 «А» СЫНЫБЫНДА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

20 Сәуір 2023

20 сәуір күні 4 «А» сыныбында «Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері» тақырыбында дүниетану бойынша жаңа білімдерді ашу мақсатында ашық сабақ өтті.

Оқушылардың  алдында екі маңызды мақсат тұрды: әлемдегі тұңғыш «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргетасының қалану тарихымен танысу және еліміздің ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі туралы Тоқтар Әубәкіров пен Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы білу.

 

Антонина Сергеевна Ушакова сыныпты 4 топқа бөліп, әр қатысушының мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Оқушыларға жаңа материалды терең меңгеруге және мақсаттарына жетуге көмектесетін тапсырмаларды ұсынды.

Рефлексия  кезеңінде балалар осындай жерлесімізді мақтан тұтатынын, Қазақстанның тұңғыш ғарышкеріндей болғысы келетіндерін айтып, қазіргі заманда ғарыш саласының маңызы зор екеніне тоқталды.

    У ВАС ЕСТЬ ВОПРОСЫ?
    Напишите свой вопрос и укажите ваш email. Мы ответим вам в ближайшее время
    Алматы, ул. Мынбаева, д. 102