Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жиналысы

15 Мамыр 2026

2026 жылғы 15 мамырда кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес тоғызыншы сынып оқушылары арасында болашақ мамандықты таңдауға арналған кәсіби бағдар беру жиналысы өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы жаңа мамандықтар туралы кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылып, онда IT саласына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында оқушыларға заманауи технологиялардың қарқынды дамуы және алдағы 10–15 жылда еңбек нарығында қандай өзгерістер болатыны туралы айтылды. Спикерлер – мектеп кітапханашысы Абдуғалиева Д.А. мен кәсіби бағдар беруші    Ахметова М.К. автоматтандыру мен жасанды интеллекттің әсерінен көптеген дәстүрлі мамандықтардың біртіндеп өзгеріп немесе жойылып бара жатқанын түсіндірді. Қазіргі таңда күнделікті қайталанатын жұмыстардың бір бөлігін арнайы бағдарламалар мен роботтандырылған жүйелер орындай алатыны атап өтілді. Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні дамыту және деректерді талдау салаларындағы мамандықтардың болашағы туралы білді. Сонымен қатар цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алдағы жылдары пайда болуы мүмкін жаңа мамандықтар жайында да мәлімет берілді.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға өз дағдыларын, әсіресе IT және цифрлық технологиялар саласындағы қабілеттерін қазірден бастап дамытуға кеңес берді. Жиналыс қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, оқушылардың өздерінің кәсіби болашағы туралы ойлануына және Қазақстандағы заманауи мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй