2026 жылғы 24 ақпанда мұғалім Гуламова Алия Құдайбергенқызы 3 «А» сыныбында «I can» тақырыбында ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақ логикалық тұрғыдан жүйелі әрі әдістемелік талаптарға сай құрылып, жағымды және достық атмосферада өтті.
Сабақ барысында сөйлеу дағдылары мен фонетикаға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар ырғақты түрде фразаларды қайталау арқылы тілдік жаттығу орындап, ойын элементтері арқылы фонетикалық тапсырмалар орындады. Жасанды интеллект көмегімен дайындалған Алматы қаласы туралы бейнеролик оқушылардың қызығушылығын арттырып, «can» негізгі сөзін өз беттерінше анықтауға және сабақ тақырыбын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Medeu және Kok Tobe топтарында ұйымдастырылған топтық жұмыс командалық рухты дамытса, жарыс элементтері сабақ бойы ынтаны жоғары деңгейде сақтады. Сабақ экологиялық бағытта өтті: оқушылар recycle, plant, save, protect, pollute сөздері арқылы сөздік қорларын толықтырды, can модальды етістігімен сөйлем құрастыруды үйреніп, «I can…» құрылымын белсенді қолданды. Қоқысты сұрыптау және «Eco or Not?» ойыны сияқты практикалық тапсырмалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.
Сабақ соңындағы рефлексия оқушылардың қойылған мақсаттарға жеткенін көрсетті — олар «Yes, I can!» деп сенімді жауап берді. Сабақ мазмұнды, қарқынды әрі танымдық сипатта өтіп, ойын, коммуникативтік және тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерін тиімді үйлестіре отырып, әрбір оқушыны белсенді қатыстырумен ерекшеленді.




