26 қараша күні мектеп парламенті президентін сайлауына қатысып жатқан командалар үшін тимбилдинг ұйымдастырылды. Қатысушылар бірқатар командалық тапсырмалардан өтіп, өздерінің лидерлік қасиеттерін, келісімге келу және бірлесіп шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Командалар бір-бірімен жарысып, коммуникация мен стратегияға негізделген тапсырмаларды орындады, рөлдерді дұрыс бөлуді және түрлі жағдайларда тиімді өзара әрекет етуді үйренді.
Бұл шара сайлау алды кампанияның маңызды бөлігі болды. Тимбилдинг үміткерлер мен олардың командаларының бірлігін нығайтып, өздерінің мықты жақтарын көрсетуге мүмкіндік берді.




