11 қарашада Тұран лицейінде мектептің Instagram аккаунт жетекшілерінің бірінші тоқсанға арналған есебі өтті. Кездесу барысында сынып өкілдері өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды, өткізілген іс-шаралар, жаңа мазмұн форматтары және оқырмандар белсенділігі туралы есеп берді. Жетекшілер мектеп аккаунттарын жауапкершілікпен басқарудың, шығармашылық тәсілдің және командалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Есептің нәтижелеріне сүйене отырып, басылымдардың сапасын жақсарту және оқушылар арасында медиа мәдениетін дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.




