Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Туран» лицейінің жас суретшілері – «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» көрмесінің дипломанттары

16 Қазан 2025

2025 жылдың 16–31 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Алматы қаласының ең үздік бейнелеу студияларының жұмыстары ұсынылған «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» атты көрме өтуде. Бұл іс-шараны «Тұмар-Арт» көркемөнер педагогтары қауымдастығы өздерінің дарынды шәкірттерімен бірлесе ұйымдастырған.

Аталған көрме – ұрпақтар арасындағы шынайы шығармашылық диалог, онда жас ұрпақтың бейнелеудегі албырттығы мен шебер ұстаздардың тәжірибесі тоғысып, жаңа буын суретшілеріне шабыт сыйлайды. Экспозицияда ұсынылған туындылар күздің алуан түстерін және шығармашылық идеялардың байлығын бейнелейді.

Біздің жас лицеистеріміз көрменің дипломанттары атанды:
✅ Ким Алисия, 5 «Б» сынып
✅ Тулендиева Аяулым, 2 «А» сынып
✅ Туякова Томирис, 2 «А» сынып
✅ Шумейко Мария, 2 «А» сынып
✅ Смайлома Дамили, 2 «А» сынып

Дарынды оқушыларымызды және олардың тәлімгерлерін осы маңызды шығармашылық жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шабыт, жаңа идеялар және шығармашылық жолда жарқын жеңістер тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй