Салтанатты музыка мен залдың қол шапалақтауы астында акт залына көптен күткен күннің басты кейіпкерлері — біздің бірінші сынып оқушыларымыз кірді.
Мереке көңілді кейіпкерлердің қатысуымен (Хочузнайка, Забывайка және Кнопочка) театралдық қойылым түрінде өтті. Олардың бірге бүлдіршіндер көңілді әрі тәрбиелік мәні бар саяхатқа аттанды.Бірінші сынып оқушылары «Сөмке жина» және «Бірінші сынып оқушыларына кеңестер» ойындарына белсенді қатысып, сабақтағы тәртіп ережелерін және мектепке өздерімен не алу керектігін үйренді.
Жоғары сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақыл-кеңестерге толы бейнеролик дайындап, көңілді мектептік стендап пен «Жоғары сынып оқушыларының кеңестері» атты шағын қойылым көрсетті. Онда олар мектеп өмірінің ерекшеліктерімен әзіл арқылы бөлісті.
Мерекенің соңы жарқын музыкалық нөмірмен аяқталып, залдың ұзақ қол шапалақтауына ұласты.
Қуанышқа, күлкіге және мақтанышқа толы бұл күн біздің бірінші сынып оқушыларымыздың білім әлеміне үлкен жолының шынайы бастамасы болды!